ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE

8 (7172) 50 14 81

polytech@polytech.edu.kz

Туризм

Біліктілігі: 4S10150104 «Туризм менеджері»
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Оқу түрі: күндізгі

Маманның кәсіби қызмет түрлері

  • Туристік қызметті ұйымдастыру – туристік бағдарламалар мен қызметтерді жоспарлау және үйлестіру, туристік өнімді қалыптастыру;
  • Сервистік қызмет – клиенттерге кеңес беру, турларды іріктеу және сату, мәмілелерді сүйемелдеу;
  • Экскурсиялық қызмет – шолу және тақырыптық экскурсияларды ұйымдастыру және өткізу, туристік топтарды сүйемелдеу;
  • Туристік-спорттық дайындық – белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру, маршруттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Коммерциялық қызмет – туристік өнімді ілгерілету, сату және серіктестермен жұмыс;
  • Құжаттамалық қамтамасыз ету – шарттарды, жолдамаларды, визалық, сақтандыру және есептік құжаттарды рәсімдеу;
  • Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – клиенттерді ақпараттандыру, стандартты емес және төтенше жағдайларда әрекет ету.

Кәсіби даярлықтың негізгі бағыттары

  • Туристік қызметті ұйымдастыру – туризм негіздері, тур түрлері, туристік өнімді қалыптастыру;
  • Туризмдегі сату технологиясы және сервис – клиентке бағдарланған қызмет, сату техникасы;
  • Экскурсия жүргізу және топтарды сүйемелдеу – экскурсия өткізу әдістемесі, туристік топтарды сүйемелдеу;
  • Туризмдегі нұсқаушылық дайындық – белсенді турларды (жорықтар, треккинг, экспедициялар) ұйымдастыру және өткізу, маршруттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алғашқы көмек көрсету, туристік жорықтардың техникасы мен тактикасы;
  • Туристік қызметтерді маркетинг және ілгерілету – нарықты талдау, жарнама, турөнімді жылжыту;
  • Құжаттамалық қамтамасыз ету – шарттарды, визалық және сақтандыру құжаттарын рәсімдеу;
  • Туризм географиясы және елтану – туристік бағыттар, елдердің мәдениеті мен ерекшеліктері.

 

Әлеуметтік серіктестер ретінде «Gvidon Tour» ЖШС, «Arman Tour» ЖШС, «Центр ТУР» ЖШС, «PRIME TOUR ASTANA» ЖШС, «Bal Voyage» ЖШС, «Поехали с нами» ЖК Астана, Астана қаласы әкімдігінің Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы, «TURSULTANTRAVEL» ЖШС ұйымдарымен ынтымақтастық орнатылған. Ынтымақтастық білім алушылардың кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру, экскурсиялар өткізу, жұмыс берушілердің кәсіби бағдар беру іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ студенттердің кәсіби құзыреттерін бағалау және дамыту бағыттарын қамтиды.