ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE

8 (7172) 50 14 81

polytech@polytech.edu.kz

Газбен жабдықтау жабдықтары мен жүйелерін монтаждау және пайдалану

Біліктілігі: 4S07321202 – Газ нысандары жабдықтарын пайдалану жөніндегі техник

Оқыту нысаны: күндізгі

Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқыту түрі: бюджет

Кәсіби қызмет саласы:

  • Газ тарату және газбен жабдықтау жүйелерін жобалау, салу және пайдалану.
  • Оқыту оқу пәндері базалық және кәсіби модульдерге бөлінген модульдік-құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Базалық модульдер:

  • Өндірістік қызмет саласында кәсіби лексиканы қолдану;
  • Мемлекеттік тілде іскерлік құжаттарды рәсімдеу;
  • Қоғамда және еңбек ұжымында әлеуметтену мен бейімделу үшін әлеуметтік ғылымдар негіздерін қолдану;
  • Кәсіби қызметте экономиканың базалық білімдерін пайдалану.

Кәсіби модульдер:

  • Газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету;
  • Газ шаруашылығын қауіпсіз жүргізу;
  • Газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарьдың негізгі жұмыс түрлерін орындау;
  • Қолданыстағы газ құбырларында авариялық-жөндеу жұмыстарын жүргізу;
  • Газ шаруашылығында авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жөніндегі слесарьдың негізгі жұмыс түрлерін орындау;
  • Газ тарату және газ тұтыну жүйелерін жобалау;
  • Газ тарату және газ тұтыну жүйелерін салу және монтаждау;
  • Газ тарату және газ тұтыну жүйелерін пайдалану.

Заманауи ақпараттық технологиялар:

  • Өндірістік қызметте қолданылатын заманауи ақпараттық технологияларды оқытуға ерекше назар аударылады, атап айтқанда:
  • КОМПАС 3D, ArchiCAD, AutoCAD, CorelDraw, 3D-MAX, Мономах автоматтандырылған жобалау және модельдеу жүйелері;
  • BIM технологиялары (ғимараттар мен құрылыстарды ақпараттық модельдеу): Autodesk Revit, Renga Architecture бағдарламалары.

Практикалық даярлық:

  • Болашақ мамандарды даярлау сапалы практикалық дайындықсыз мүмкін емес. Әрбір модульді меңгергеннен кейін төмендегідей практика түрлері қарастырылған:
  • Оқу практикасы: таныстыру, сантехникалық, слесарлық, ұсталық-дәнекерлеу, сызбалық жобалау практикасы, геодезиялық;
  • Өндірістік оқыту;
  • Дипломалды практика.

Практикалық оқытуды қамтамасыз ету мақсатында колледж базасында заманауи оқу-зертханалық жабдықтармен қамтылған Bosch Thermotechnik ресурстық орталығы, сондай-ақ 10 жұмыс орны бар дәнекерлеу цехы жұмыс істейді.