Біліктілігі: 4S04110102 «Бухгалтер»
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Оқу түрі: күндізгі
Кәсіби қызмет объектілері
- Әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметі;
- Кәсіпорынның активтері, міндеттемелері және капиталы;
- Бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептілік;
- Ұйымның қаржылық нәтижелеріне әсер ететін шаруашылық операциялар;
- Мемлекеттік органдар, банк мекемелері, коммерциялық және бюджеттік ұйымдар.
Маманның кәсіби қызмет түрлері
- Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу;
- Табыстар мен шығыстарды есепке алу, өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өзіндік құнын анықтау;
- Жалақыны, салықтарды және бюджетке міндетті төлемдерді есептеу;
- Әлеуметтік аударымдар мен жарналарды есептеу;
- Бухгалтерлік және салықтық есептілікті қалыптастыру;
- Қаржылық-шаруашылық қызметті талдау;
- Арнайы бағдарламаларда жұмыс істеу (оның ішінде 1С:Бухгалтерия).