ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE

8 (7172) 50 14 81

polytech@polytech.edu.kz

Азаматтық ғимараттардың дизайны, реставрациясы және реконструкциясы

Біліктілігі: 4S07310403 – техник-дизайнер

Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқыту түрі: бюджет

Маманның кәсіби қызмет түрлері:

  • Эскиздік дизайн-жобаларды орындау;
  • Жарнамалық-дизайнерлік жобаларды әзірлеу;
  • Графикалық элементтердің, макеттердің түпнұсқаларын техникалық тұрғыда орындау;
  • Дизайн-жобаның іске асырылуын бақылау;
  • Нысандарды реставрациялау және реконструкциялау бойынша жұмыстарды орындау.

Кәсіби даярлаудың негізгі бағыттары:

  • Негізгі және кәсіби құзыреттерді меңгеруге негізделген кәсіби-практикалық даярлық;
  • Ғимараттарды ақпараттық модельдеу технологиялық платформасы болып табылатын BIM технологияларын жобалау, реставрациялау және реконструкциялау саласында меңгеру;
  • КОМПАС 3D, ArchiCAD, AutoCAD, CorelDraw, 3D-MAX автоматтандырылған жобалау және модельдеу жүйелерін меңгеру;
  • KNAUF ресурстық орталығында оқыту арқылы қосымша білім алу;
  • Халықаралық, республикалық және қалалық көрмелерге, шеберлік сыныптарына, қайырымдылық акцияларына қатысу.

Әлеуметтік серіктестер:

Әлеуметтік серіктестер ретінде «Kerbez aru» дизайн студиясы, «Décor kz» ЖШС, «ORTA ARHITECTS» ЖШС және басқа да кәсіпорындар табылады.

Аталған кәсіпорындар жұмыс орындарын ұйымдастыруға көмектеседі, тәлімгерлерді бекітеді, тренингтер өткізеді, студенттерді тапсырыстарды орындауға және клиенттермен жұмыс істеуге тартады.