Біліктілігі: 4S07161304 – Техник-механик
Оқыту нысаны: күндізгі, қашықтықтан
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Оқыту түрі: бюджет
Кәсіби қызмет саласы:
- Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
Маманның кәсіби қызмет түрлері:
- Жобалық-сметалық жұмыстар;
- Ұйымдастырушылық және басқарушылық жұмыстар;
- Қазіргі менеджмент және маркетинг негізінде пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру үдерістерін және заңдылықтарын зерттеу;
- Өндірістік-технологиялық жұмыстар.
Кәсіби даярлаудың негізгі бағыттары:
- Оқыту модульдік және дуальды формада жүргізіледі, онда келесі жүйелер қолданылады:
- Мультимедиа-технологияларға негізделген автоматтандырылған оқу жүйелері (АОС);
- Электротехника және электроника негіздерін оқыту үшін COM3LAB оқу жүйелері;
- 10 станциядан тұратын мехатрондық жүйелер, оның құрамына механика, электроника, гидравлика, пневматика элементтері және 3D модельдеу кіреді;
- Қазақстандағы жалғыз «ExtLab» зертханасы – автомобиль электроникасы және электр көліктері бойынша. Бұл әмбебап платформа ExtLab құрамында он екі стендтен тұратын бағдарламалық-құрылымдық кешендер бар, оларда лабораториялық-практикалық жұмыстар жүргізіледі;
- Шулы емес, экологиялық таза, үнемді және аз қызмет көрсетуді қажет ететін электр көлігі;
- Оқу шеберханаларында BOSCH, Sivik, CarmanScan және басқа заманауи кәсіби жабдықтарда, сондай-ақ ВАЗ 2114, ВАЗ 2170 қозғалтқыш стенд-симуляторларында практикалық оқу жүргізіледі;
- Қорытынды аттестация нақты дипломдық жобалау түрінде, іске қосылатын макеттер мен стендтерді жасау арқылы өткізіледі;
- WorldSkills кәсіби шеберлік конкурстары мен ұлттық чемпионаттарына 3 құзырет бойынша қатысу: мехатроника, жеңіл көліктерді жөндеу және қызмет көрсету, кузов жөндеу;
- Интеграциялық сабақтар өткізіледі: теориялық түсіндіру және колледж шеберханаларында практикалық бекіту, өндіріс мамандарын тарту, автокәсіпорындарға таныстыру экскурсиялары.
Әлеуметтік серіктестер:
Мамандықтың әлеуметтік серіктестері: «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС, «АТБ Сервис Транс» ЖШС, «Hyundai Auto Astana» ЖШС, «Bastion Oil Service» ЖШС, «Hyundai Premium Astana» ЖШС, «Allur Auto Soltustik» ЖШС, «ASTEK AUTO ASTANA» ЖШС, «ASTER AUTO ASTANA» ЖШС.