ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE

8 (7172) 50 14 81

polytech@polytech.edu.kz

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Біліктілігі: 4S06120202 – Ақпараттық қауіпсіздік технигі

Оқыту нысаны: күндізгі

Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқыту түрі: бюджет

Кәсіби қызмет саласы:

Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар мен ұйымдар, атап айтқанда: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы, әкімшілік басқару, экономика, бизнес, түрлі технологияларды басқару, яғни адам қызметінің іс жүзінде барлық салалары.

Маманның кәсіби қызмет түрлері:

  • Деректер қорын және ақпараттық-іздеу жүйелерін құру мен сүйемелдеуге арналған бағдарламаларды әзірлеу;
  • Орта және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында информатика және бағдарламалау пәндерінен сабақ беру;
  • Ғылыми және экономикалық міндеттерді шешуге арналған бағдарламаларды жасау;
  • Дербес компьютердің стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты басқа да қызмет түрлері;
  • Банктерде банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеу және қызмет көрсету;
  • Жеке кәсіпорындарда және тұтас салаларды басқаруда өндірісті жоспарлау мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру;
  • Кәсіпорындар мен мекемелерде жаппай қызмет көрсету жүйелерін және ақпараттық-анықтамалық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу;
  • Білім беру мекемелерінде қызмет атқару;
  • Компьютерлер мен кеңсе техникасын жөндеу және диагностикалау бойынша сервистік орталықтарда жұмыс істеу.

Кәсіби даярлаудың негізгі бағыттары:

  • Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелерін іске асыру үшін есептеу техникасы мен бағдарламалау құралдарын қолдану;
  • Кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс істеуіне байланысты есептеу және ақпараттық үдерістердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу;
  • Бағдарламалық өнімдерді, ақпаратты өңдеу және басқару компьютерлік жүйелерін сүйемелдеу;
  • Колледж базасында жұмыс істейтін Cisco академиясында оқыту арқылы қосымша білім алу;
  • WorldSkills кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу.

Әлеуметтік серіктестер:

Мамандықтың әлеуметтік серіктестері: «Tamur» ЖШС, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ филиалының Ақпараттық жүйелер дирекциясының Орталық өңірлік бөлімшесі, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ, «AZ GROUP LLC» ЖШС, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы АҚ, «QB Solutions» ЖШС.