ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE

8 (7172) 50 14 81

polytech@polytech.edu.kz

Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

Біліктілігі: 4S07320106 – техник-құрылысшы

Оқыту тілі: қазақ, орыс

Оқыту түрі: бюджет

Кәсіби қызмет саласы:

  • Құрылыс индустриясы кәсіпорындары;
  • Ғимараттарды жобалау, салу, пайдалану және қайта жаңғырту;
  • Құрылыс нысандарын қамтамасыз ету және жабдықтау.

Маманның кәсіби қызмет түрлері:

  • Сыртқы және ішкі сылақ, бояу, қаптау жұмыстарын орындау;
  • Барлық типтегі ғимараттарды салу, жөндеу және қайта жаңғырту кезінде қоршау конструкцияларын орнату;
  • Нысанды тапсыру мерзімдерін, жобалық шешімдер мен нормативтік құжаттар талаптарын сақтай отырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау;
  • Құрылыс-монтаж жұмыстарының технологиялық реттілігін бақылау;
  • Құрылыс учаскелері мен бригадалардың жұмысын ұйымдастыру.

Кәсіби даярлаудың негізгі бағыттары:

  • Дуальды оқыту – практикалық оқытудың басымдығы;
  • Ғимараттарды ақпараттық модельдеудің технологиялық платформасы болып табылатын BIM технологияларын жобалау және құрылыс саласында меңгеру;
  • КОМПАС 3D, Мономах, ArchiCAD, SANA, AutoCAD автоматтандырылған жобалау және модельдеу жүйелерін меңгеру;
  • Колледж базасында жұмыс істейтін KNAUF, BOSCH, INGRI, Технониколь ресурстық орталықтарында оқыту арқылы қосымша білім алу;

WorldSkills кәсіби шеберлік байқауларына қатысу.

Әлеуметтік серіктестер:

  • Әлеуметтік серіктестер ретінде келесі құрылыс компаниялары табылады: Астана қаласындағы «Bazis Construction» ЖШС филиалы, BI GROUP корпорациясы, «Кнауф Гипс Капчагай. ДЭГ қатысуымен кәсіпорын» ЖШС, BOSCH, INGRI, Технониколь, Sat-NS құрылыс компаниясы, «Алкон+» ЖШС өндірістік фирмасы, «Selena-Sa» ЖШС.

Аталған ұйымдар оқу, технологиялық және дипломалды практикаларды өткізуге қолдау көрсетеді, сондай-ақ практикалық оқыту үшін құрылыс материалдары мен құрал-саймандарды ұсынады.