Біліктілігі: 4S10130104 «Супервайзер»
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Оқу түрі: күндізгі
Маманның кәсіби қызмет түрлері
- Қонақжайлылық стандарттарына сәйкес қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- Қызмет көрсетуші персоналдың (горничныйлар, әкімшілер, сервис қызметкерлері) жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
- Қызмет көрсету стандарттары мен корпоративтік регламенттердің сақталуын бақылау;
- Нөмірлік қор мен қоғамдық аймақтардың тазалық сапасын бақылау;
- Санитариялық-гигиеналық талаптар мен қауіпсіздік нормаларының сақталуын тексеру;
- VIP-қонақтарға қызмет көрсетуге және клиенттердің ерекше сұраныстарымен жұмыс істеуге қатысу;
- Даулы және стандартты емес жағдайларды реттеу;
- Қызметтік құжаттаманы және есептілікті жүргізу;
- Қонақ үйдің басқа қызметтерімен (қабылдау және орналастыру қызметі, тамақтандыру қызметі, техникалық қызмет және т.б.) өзара әрекеттесу.
Кәсіби даярлықтың негізгі бағыттары
- Front Office (Қабылдау және орналастыру қызметі) – қонақтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, әкімшілермен өзара әрекеттесу, сервис стандарттарын бақылау, өтініштермен және VIP-қонақтармен жұмыс;
- Housekeeping (Нөмірлік қор қызметі) – нөмірлер мен қоғамдық аймақтарды жинау сапасын бақылау, санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, горничныйлардың жұмысын үйлестіру;
- Food & Beverage (F&B) – тамақтандыру қызметімен өзара әрекеттесу, мейрамхана мен тамақтану аймақтарында қызмет көрсету стандарттарын бақылау, сервистік үдерістерді үйлестіру;
- Guest Service және клиенттік сервис – қонақжайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету, даулы және стандартты емес жағдайларды реттеу;
- Әкімшілік-үйлестіру қызметі – қызметтік құжаттаманы және есептілікті жүргізу, техникалық қызметпен және қонақ үйдің басқа бөлімшелерімен өзара әрекеттесу.
Әлеуметтік серіктестер ретінде «Radisson Hotel Astana», «Hilton Garden Inn Astana», «Sheraton Astana Hotel», «Astana Saad Hotel», «Rixos President Astana», «Ramada by Wyndham», «The Ritz-Carlton Astana», «The St. Regis Astana» қонақ үйлерімен ынтымақтастық жүзеге асырылады. Ынтымақтастық білім алушылардың кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру, экскурсиялар өткізу, жұмыс берушілердің кәсіби бағдар беру іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ студенттердің кәсіби құзыреттерін бағалау және дамыту бағыттарын қамтиды.