ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE

8 (7172) 50 14 81

polytech@polytech.edu.kz

Мехатроника

Біліктілігі: 4S07140302 – техник-мехатроник

Оқыту тілі: орыс

Оқыту түрі: бюджет

Маманның кәсіби қызмет түрлері:

  • Жобалау және құрастыру. Мехатрондық жүйелерге арналған техникалық құжаттаманы әзірлеу және дайындау;
  • Жабдықтарды монтаждау және баптау. Мехатрондық құрылғыларды жинақтау, орнату және ретке келтіру;
  • Қызмет көрсету және пайдалану. Жабдықтардың жұмысын бақылау және профилактикалық қызмет көрсету;
  • Диагностика және жөндеу. Ақауларды анықтау, тораптарды жөндеу және жүйелерді сынақтан өткізу;
  • Жүйелерді бағдарламалау және басқару. Бағдарламалық қамтамасыз етуді баптау және автоматтандырылған жүйелерді басқару.

Кәсіби даярлаудың негізгі бағыттары:

  • Мехатрондық жүйелерді жобалау және құрастыру. Механика, электроника, робототехника негіздері; сызбалар мен сұлбаларды әзірлеу;
  • Жабдықтарды монтаждау, баптау және пайдалану. Мехатрондық құрылғыларды жинақтау, орнату, ретке келтіру және пайдалану;
  • Диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Жүйелердің жұмысын бақылау, ақауларды анықтау, жөндеу және алдын алу шаралары;
  • Автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалау және басқару. Контроллерлерді баптау, роботтарды бағдарламалау және жүйелерді интеграциялау;
  • Сапаны бақылау және қауіпсіздік нормаларын сақтау. Жабдықтардың стандарттар мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін тексеру.

Әлеуметтік серіктестер:

Әлеуметтік серіктестер ретінде «Sailau-I» ЖШС, PAVING STONE COMPANY, «ОРГСТРОЙИНВЕСТ» ЖШС, «DSK-LOGISTICS» ЖШС, «ZTOWN Development» ЖШС, «ЕКЦ» ЖШС, «Ake plast» ЖШС кәсіпорындары табылады.

Аталған кәсіпорындармен білім алушылардың өндірістік және дипломалды тәжірибесін ұйымдастыру, кәсіби сынақтар мен кәсіпорындарға экскурсиялар өткізу, жұмыс берушілер өкілдерінің кәсіби бағдар беру іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ кәсіби құзыреттерді бағалау және практикалық бағыттағы оқытуды қалыптастыру саласында ынтымақтастық жүзеге асырылады.