Біліктілігі: 4S10150104 «Туризм менеджері»
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Оқу түрі: күндізгі
Маманның кәсіби қызмет түрлері
- Туристік қызметті ұйымдастыру – туристік бағдарламалар мен қызметтерді жоспарлау және үйлестіру, туристік өнімді қалыптастыру;
- Сервистік қызмет – клиенттерге кеңес беру, турларды іріктеу және сату, мәмілелерді сүйемелдеу;
- Экскурсиялық қызмет – шолу және тақырыптық экскурсияларды ұйымдастыру және өткізу, туристік топтарды сүйемелдеу;
- Туристік-спорттық дайындық – белсенді туризм түрлерін ұйымдастыру, маршруттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Коммерциялық қызмет – туристік өнімді ілгерілету, сату және серіктестермен жұмыс;
- Құжаттамалық қамтамасыз ету – шарттарды, жолдамаларды, визалық, сақтандыру және есептік құжаттарды рәсімдеу;
- Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – клиенттерді ақпараттандыру, стандартты емес және төтенше жағдайларда әрекет ету.
Кәсіби даярлықтың негізгі бағыттары
- Туристік қызметті ұйымдастыру – туризм негіздері, тур түрлері, туристік өнімді қалыптастыру;
- Туризмдегі сату технологиясы және сервис – клиентке бағдарланған қызмет, сату техникасы;
- Экскурсия жүргізу және топтарды сүйемелдеу – экскурсия өткізу әдістемесі, туристік топтарды сүйемелдеу;
- Туризмдегі нұсқаушылық дайындық – белсенді турларды (жорықтар, треккинг, экспедициялар) ұйымдастыру және өткізу, маршруттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алғашқы көмек көрсету, туристік жорықтардың техникасы мен тактикасы;
- Туристік қызметтерді маркетинг және ілгерілету – нарықты талдау, жарнама, турөнімді жылжыту;
- Құжаттамалық қамтамасыз ету – шарттарды, визалық және сақтандыру құжаттарын рәсімдеу;
- Туризм географиясы және елтану – туристік бағыттар, елдердің мәдениеті мен ерекшеліктері.
Әлеуметтік серіктестер ретінде «Gvidon Tour» ЖШС, «Arman Tour» ЖШС, «Центр ТУР» ЖШС, «PRIME TOUR ASTANA» ЖШС, «Bal Voyage» ЖШС, «Поехали с нами» ЖК Астана, Астана қаласы әкімдігінің Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы, «TURSULTANTRAVEL» ЖШС ұйымдарымен ынтымақтастық орнатылған. Ынтымақтастық білім алушылардың кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру, экскурсиялар өткізу, жұмыс берушілердің кәсіби бағдар беру іс-шараларына қатысуы, сондай-ақ студенттердің кәсіби құзыреттерін бағалау және дамыту бағыттарын қамтиды.