КОЛЛЕДЖДІҢ МІНДЕТІ:
Жоғары рухани және адамгершілік қасиеттерді меңгерген, үздіксіз өсуге, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа дайын, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін, кәсіби құзіреттіліктерді игерген мамандарды даярлау.
КОЛЛЕДЖДІҢ КӨРУІ:
Ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз ететін өндірістердің инновациялық технологияларды енгізу жағдайында, еңбек нарығының ағымдық және болашақ қажеттіліктеріне сәйкес келетін, ТжКБ жүйесінің жоғары білікті мамандарын даярлау саласындағы Республиканың жетекші оқу орны атану.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ:
Халықаралық деңгейлерге сай келетін, кәсіби және жеке құзіреттіліктерді меңгерген, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім саласындағы көшбасшылық орындарды иелену.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
- Академиялық көшбасшылықты дамыту және қолдау.
- Кәсіптік білімнің нақты бағдарламаларын игеруге, құзіреттілікке бағдарланған мамандарды даярлаудың сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу.
- Колледждің оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру және педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
- Мамандардың жеке және кәсіби әлеуетін дамытуды және олардың ұтқырлығын қамтамасыз ететін озық оқытуға өтуді ескеріп, мамандарды даярлау мазмұнын және оның сапалы жаңару құрылымын өзгерту.
- «Кәсіпқор» ҰАҚ әзірлеген, мамандарды даярлаудың 2 немесе 3 деңгейлі жаңа білім беру бағдарламаларын оқу үрдісіне енгізу.
- Жаңа ақпараттық және интерактивті технологияларды енгізу негізінде оқыту сабақтарын өткізудің сапасын арттыру.
- Студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз ететін колледждің тәрбиелеу кеңістігін модельдеу, сондай-ақ, колледжді Астана қаласының жастарды рухани және патриоттық дамыту орталығына айналдыру.
- Заманауи еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес студенттердің тәжірибелік оқыту сапасын арттыру.
- IT бейіні бойынша құзіреттіліктердің салалық Орталығын құру.
- ISO 9001:2015 сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізу.
- Халықаралық аккредитациядан өту.
- Әлемдік беталыстарға сәйкес инфроқұрылымды және материалдық-техникалық базаны дамыту.