ASTANA POLYTECHNIC COLLEGE

8 (7172) 50 14 81

polytech@polytech.edu.kz

Кітапхана

Астана қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» Жоғары колледжі» ШЖҚ МКК кітапханасы – құрылымдық бөлімдердің бірі ретінде колледж өмірінде маңызды орын алады.

Кітапхана тарихы 1994 жылы Целиноград қаласының төрт жетекші техникумын біріктіру негізінде Астана қаласының Политехникалық колледжі құрылған кезден басталады.

Бастапқы қор техникумдарды біріктіргеннен кейінгі кітаптар негізінде құрылды, бірақ жылдан-жылға қор жаңа басылымдармен толықтырылып, қазіргі кезде  үлкен оқу залына айналды.

2008 жылы автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық бағдарлама (АИБС MARK-SQL) сатып алынды, бұл кітапхана қызметін автоматтандыруға және қордың электрондық каталогын құруға мүмкіндік берді.

2019 жылы бағдарламаның жаңартылған нұсқасы – MARC21 сатып алу арқылы «Книгообеспеченность» и «МАРК-SQL Internet» деп аталатын web-интерфейс модульдеріне қолжеткіздік. Бұл 2 кітапханашының жұмыс орнын автоматтандыруға  мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта кітапхана-ақпараттың, білімнің және мәдениеттің заманауи орталығына айналды. Кітапхана қоры 88588 мыңнан астам оқу әдебиетін, мерзімді басылымдар мен әдістемелік құралдарды, библиографиялық көрсеткіштер мен электрондық тасымалдағыштардағы шетелдік басылымдарды құрайды. Жыл сайын кітапхана мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде газеттер мен журналдарға жазылады.

Кітапхана мемлекеттік тілдегі IPRbook ЭБЖ қазақстандық контентін қамтиды.

2020 жылдан бері «EDP Hub» ЖШС – Қазақстан Республикасындағы «PROFобразование» компаниясының білім беру платформаларының ресми дистрибьюторы ретінде кітапхана оқырмандарына жаңа мүмкіндіктер ұсынып келеді. Платформада эксклюзивті контент пен электронды кітаптар жинағы (7500-ден астам атау), мерзімді басылымдар (543 атау), мультимедиалық материалдар (116 онлайн курс, 369 тест каталогы, 2474 аудио, 13292 видео ресурс) қамтылған. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдегі IPRbook қазақстандық контенті де бар. Платформа авторизацияланған пайдаланушыларға кез келген цифрлық құрылғы арқылы тәулік бойы (24/7) қолжетімді.

PROFобразование

Оқытушылар мен білім алушылар үшін логин және пароль:

Логин: polytech.kz

Пароль: tSRJTB57

Колледжтің ресми сайтында 10–11 сыныптарға арналған электронды оқулықтар мен арнайы пәндер бойынша электронды оқу құралдары орналастырылған. Барлық электронды басылымдар онлайн оқуға және жүктеп алуға қолжетімді!

Учебники 10-11 класс по обновленной программе

Электронные издания по спец. дисциплинам

Кітапхана қоры «МARK SQL. Мини библиотека» автоматтандырылған кітапханалық жүйесінде жинақталған, бұл — кітаптар мен журнал мақалаларының библиографиялық сипаттамасын қамтитын электрондық каталог.

Электронды каталогқа келесі екі тәсіл арқылы қолжеткізуге болады:

http://192.168.17.5/marcweb2/Default.asp – колледждің дербес компьютерлері арқылы қосылу;

http://93.95.247.28/marcweb2/Default.asp – кез-келген электронды құрылғыдан қосылу.

Логин: қолданушының тегі

Пароль: оқырман билетінің нөмірі

 

ОҚУ КІТАПХАНАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

I. Жалпы ережелер

1.1. Колледж кітапханасын пайдалану ережелері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 17 тамыздағы №827 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, орта кәсіптік білім және ғылым ұйымдарының кітапханаларын пайдалану үлгілік ережелеріне» сәйкес әзірленген.

1.2. Бұл ережелер оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттерін реттейді.

 

II. Оқырмандар, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі

2.1. Колледждің білім алушылары, оқытушылары және қызметкерлері төмендегідей құқықтарға ие:

– кітапхана қоры, ақпараттық ресурстар және кітапхана ұсынатын қызметтер туралы толық ақпарат алу;

– кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын пайдалану;

– ақпарат көздерін іздеу мен таңдауда кеңес ретінде  көмек алу;

– абонемент пен оқу залында баспа басылымдары мен басқа да ақпарат көздерін уақытша пайдалану;

– құжаттарды пайдалану мерзімін ұзарту;

– тақырыптық, фактографиялық, нақтылаушы және библиографиялық анықтамалар алу;

– электрондық құрылғылармен жұмыс кезінде дәстүрлі емес ақпарат тасымалдағыштармен жұмыс істеуге кеңес алу;

– кітапхана ұйымдастыратын іс-шараларға қатысу.

2.2. Колледж кітапханасының оқырмандары міндетті:

– кітапхана қорынан алынған кітаптарға, басқа да баспа және ақпараттық материалдарға ұқыпты қарауға;

– оларды белгіленген мерзімде қайтаруға;

– оқырман формулярына немесе басқа есеп құжаттарына тіркелмеген материалдарды кітапханадан сыртқа шығармауға;

– кітаптарға белгілер қоймауға, асты сызбауға;

– беттерін жыртпауға және бүктемеуге.

2.3. Кітаптарды, басқа да баспа және ақпарат құралдарын алған кезде оқырмандар оларды мұқият қарап шығуы тиіс. Егер қандай да бір ақаулар анықталса, бұл жөнінде кітапханашыға хабарлауы қажет. Әйтпесе соңғы пайдаланушы – оқырман материалдың бүлінуіне жауапты болады.

2.4. Оқырмандар оқу жылының басында жыл сайын қайта тіркеуден өтеді. Қайта тіркеуден өтпеген оқырмандарға кітапхана қызмет көрсетпейді.

2.5. Оқырмандар жазғы демалыс пен еңбек демалысына шығар алдында өз атына тіркелген барлық әдебиеттерді кітапханаға тапсыруға міндетті.

2.6. Колледжден шығарда оқырмандар өз атына тіркелген барлық кітаптарды кітапханаға қайтарып, кету парағына қол қойдыруы тиіс.

2.7. Кітапхана пайдалану ережелерін бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік, азаматтық-құқықтық (материалдық) немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

2.8. Оқырманға айыппұл салынатын ереже бұзушылықтардың тізімін кітапхана өз бетінше белгілейді және ол кітапхана пайдалану ережелеріне қосымшада көрсетіледі.

2.9. Кітапты жоғалтқан немесе бүлдірген оқырман оны дәл сондай немесе кітапхана тең деп таныған балама нұсқамен ауыстыруы тиіс. Ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, шығынын колледж есебіне Kaspi банк қосымшасы арқылы өтейді.

 

III. Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

Кітапхана міндетті:

– оқырмандарды барлық қызмет түрлері туралы ақпараттандыруға;

– оқырмандарға кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

– қызмет көрсетуді жетілдіруге, компьютерлендіру мен озық технологияларды енгізуге;

– оқырмандарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мәдениетін қамтамасыз етуге, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға;

– қорды есепке алуға, сақтауға және пайдалануға;

– берілген басылымдарды қайтаруды үнемі бақылауға;

– оқырмандарға жайлы жұмыс істеу жағдайын жасауға және қолдауға;

– кітапхана қызметі туралы кітапхана ережесі мен белгіленген тәртіпке сәйкес оқырмандар алдында есеп беруге.

 

IV. Оқырмандарды кітапханаға жазу тәртібі

4.1. Кітапханаға жазылу оқырман категориясына байланысты жүргізіледі:

– күндізгі бөлім студенттері – колледжге қабылдау туралы бұйрық негізінде;

– оқытушылар құрамы – жеке куәлігін көрсету арқылы;

– сырттай бөлім студенттері – жеке куәлік немесе есеп кітабын көрсету арқылы, абонементте тек құжат кепілдігімен қызмет көрсетіледі;

– қабылданушылар – жеке куәлік немесе туу туралы куәлік арқылы тек оқу залында қызмет алады;

– студенттер мен қызметкерлер емес тұлғалар – жеке куәлігін көрсету арқылы келісім-шарт негізінде қызмет көрсетіледі.

4.2. Кітапханаға жазылған кезде электронды оқырман формуляры толтырылады.

4.3. Оқырмандар кітапхана пайдалану ережелерімен танысып, оларды орындауға міндеттеме береді.

 

V. Абонементті пайдалану ережелері

5.1. Оқырман формуляры — оқырманға кітаптар мен басқа материалдардың берілген күнін және кітапханашыға қайтарылғанын растайтын құжат.

5.2. Әр түрлі оқырман категориялары үшін әдебиетті пайдалану мерзімі және абонементте берілетін басылым саны:

– оқу әдебиеті — бүкіл оқу жылы бойынша;

– қосымша және көркем әдебиет — 10 күн.

5.3. Оқырман үйге алынған кітаптарды пайдалану мерзімін ұзартуға құқылы.

 

VI. Оқу залын пайдалану тәртібі

6.1. Оқу залында кітаптарды беру электронды билет арқылы жүзеге асырылады және формулярға тіркеледі.

6.2. Кітапхананың ішіндегі тыныштық пен тәртіпті бұзу, кітапханашының рұқсатынсыз қызметтік бөлмелер мен кітап сақтау орындарына кіруге тыйым салынады.

6.3. Оқу залынан әдебиетті шығаруға рұқсат жоқ.

 

VII. Оқу залындағы автоматтандырылған жұмыс орындарын пайдалану ережелері

7.1. Кітапхананың оқу залында автоматтандырылған жұмыс орындарында жұмыс істейтін оқырмандарға тыйым салынады:

– компьютерлерге кез келген бағдарламалық жасақтаманы орнатуға;

– компьютерлік ойындар ойнауға.

7.2. Оқырмандарға рұқсат етіледі:

– оқу залына портативті компьютерлер мен құлаққаптар әкелуге.

7.3. Оқырмандар компьютердің жұмысындағы ақаулықты өз бетінше жөндемей, кітапханашыға хабарлауы керек.

7.4. Оқырман оқу залындағы компьютерлердегі жұмысын кітапхана жабылатын уақыттан 15 минут бұрын аяқтауға міндетті.

 

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Оқырмандарға қызмет көрсету уақыты:                    8:30 – 17:30

Демалыс күндері:                                                              сенбі, жексенбі

Тазалық күні:                                                                     әр айдың 30-ы күні

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

 «ASTANA POLYTECHNIC» Жоғары колледжі

№1 корпус, 2 қабат

Students Hub

E-mail: library@polytech.edu.kz